28 қар, 2017 сағат 10:40

Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Беларусь Республикасына барады

Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Президенті 2017 жылғы 29-30 қарашада ресми сапармен Беларусь Республикасына барады. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына, Қазақстан-Беларусь бизнес форумының жұмысына және басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр» делінген хабарламада.