09 қар, 2018 сағат 16:41

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Оқушылар сарайына барды

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шекара маңы ынтымақтастығы форумы аяқталған соң Қазақстан және Ресей Президенттері оқу үдерісінде инновациялық және озық технологиялар қолданылатын оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап көрді.

Екі ел басшылары оқушылармен әңгімелесіп, олардың жұмыстарымен танысты.