12 қаз, 2018 сағат 09:25

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Президенттер елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамуы жөнінде әңгімелесіп, Қазақстандағы биылғы Өзбекстан жылы аясында көп жақты ықпалдастықты тереңдету үшін атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.  

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.