16 шіл, 2018 сағат 15:41

Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовпен әңгімелесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы белгілі ақын, жазушы, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегері Олжас Сүлейменовті қабылдады.  

Кездесу барысында заманауи қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері талқыланып, оның қоғамды рухани жаңғыртудағы рөлі туралы айтылды.

Сөз шебері өзінің алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендірдің қазасына байланысты көңіл айтты.