#
#
Дүйсенбі 23/04/2018

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына" жаңа басшы келді

  • 28.12.2017
  • 0
  • 886

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болып Рәділбек Әдимолда тағайындалды. Бұл туралы ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің фейсбуктегі парақшасында мәлім болды.

«Airport management group компаниясын басқарушы басқарма шешімімен 26 желтоқсан күні Астана қаласындағы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы лауазымына Әдимолда Рәділбек Өкенұлы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Рәділбек Әдимолда 1987 жылы Азаматтық авиация академиясын тәмәмдаған (Санкт-Петербург, РФ). Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінде, «Қазаэронавигация» РМК-да жетекші қызметтер атқарған. «Құрметті авиатор» төс белгісі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР