17 там, 2017 сағат 20:24

Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді (Видео)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Cұхбат барысында ол рухани жаңғыру үдерісіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамытудың перспективалары және өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде әңгімеледі.