18 қыр, 2017 сағат 13:39

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетуімен және осы үздік турнирдің әлемдік тобына өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Сіздердің мықты қарсыласпен бәсекеде табандылықпен жеткен жарқын жеңістеріңіз еліміздің спорт жылнамасындағы айтулы жетістік болып отыр. Қайсарлық пен қайрат-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан теннис мектебінің жоғары деңгейде екенін тағы да бір таныттыңыздар», - делінген жеделхатта.

Соңында Елбасы құрама мүшелеріне зор денсаулық тілеп, спорттың жаңа  белестерінде табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.