11 сәу, 2019 сағат 12:20

Нұрсұлтан Назарбаев: ЕАЭО - Еуропа мен Азия арасындағы сенімді көпір

ЕАЭО - өркендеген Еуропа мен өрлеген Азияның арасындағы сенімді көпір. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы пікірі «Идеядан шынайылыққа: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының еуразиялық бастамасына 25 жыл» атты елордада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде интеграциялық жобаны құру идеясын алғаш рет айттым. Сол кезде мұндай бірлестік маған дамуына және азаматтардың әл-ауқатының жаңа мүмкіндіктері үшін тұрақты жағдай жасауға көмектесетін қуатты экономикалық одақ ретінде елестеді. Бүгін ол шындыққа айналды. Биыл Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына және еуразиялық интеграция идеясының айтылғанына 25 жыл толып отыр. Қазіргі ЕАЭО - сыртқы сауда айналымы 750 миллиард доллардан асатын үлкен нарық. Оның жиынтық ІЖӨ мөлшері - екі триллион доллар, халық саны 180 миллион адамнан асады. Қауымдастыққа мүше мемлекеттер оң өсу қарқынын қамтамасыз етті. Шетелдік және өзара сауда-саттық айтарлықтай өсіп, халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде жүргізілуде. Жақын арада біз ЕАЭО-ны Еуропа мен өсіп келе жатқан Азия арасындағы сенімді көпір ретінде көріп отырмыз », - деді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісінің бірінші орынбасары Дархан Қалетаев Елбасының хатын оқи отырып.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық интеграцияның дамуы - экономиканы әртараптандыруда. Бәсекеге қабілеттілікті нығайтуда, іскерлік ахуалды жақсартып, қатысушы елдердің инвестициялық тартымдылығын арттыруда негізгі күш бола алатынын атап өтті.

«Ірі серіктестермен және жаңа өсіп келе жатқан нарықтармен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту - Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл континенттегі рөлін күшейтуге серпін беру керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.