19 шіл, 2018 сағат 10:06

Нұрсұлтан Назарбаев: Байқоңыр - ең үздік ғарыш айлағы (видео)

Байқоңыр ең үздік ғарыш айлағы саналады. Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚР Президентінің Телерадиокешенінің «Инстаграмда» жариялаған видеосында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Байқоңыр - ғарышқа адамдарды ұшыруға арналған ең үздік ғарыш айлағы саналады. Ең бірінші, экватор бойынша барлығы есептелген. Осы жерден ең ауыр жүктер ғарышқа ұшырылады. Адамның ғарышқа ең жылдам жетуі де осы жерден жүзеге асырылады. Ауқымды зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы алаң таңдалып алынды», - дейді Н.Назарбаев видеода.