05 жел, 2019 сағат 10:28

«Нұрлы тау» ғимаратының 12-қабатынан ер адам секіріп көз жұмды

Алматыда «Нұрлы тау» бизнес орталығы ғимаратынан секіріп кеткен ер адам қаза тапты, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Биіктен құлап кетті. Оқиға орнында жедел жәрдем, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр» деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ол жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Қалалық полиция департаменті марқұмның кім екенін анықтады. 48 жастағы ер адам 12-қабаттағы терезеден секіріп кеткен. Оның неге биік ғимараттан секіргені тергеу барысында анықталады.

Оқиға орнында Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.