23 там, 2019 сағат 13:12

Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет басқармасының басшысы болды

Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов 1983 жылы туған, жоғары білімді. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған.

Бұған дейін Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.