#
#
Дүйсенбі 16/12/2019

Нұрлан Өнербаев «Абай жолы» аудиокітабын дыбыстайды

  • 20.11.2019
  • 0
  • 471

Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы қазақ тіліндегі аудиокітаптар топтамасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.

«Нұрлан Өнербаев ағаммен AudioKitap жобасын талқылап отырмыз. Нұрекең қазір «Абай жолын» дыбыстау үстінде. Келесі кезекте Ілияс Есенберлин, Мұхтар Мағауиннің тарихи шығармаларын дыбыстауды бастаймыз деп келістік», - деп жазды бюро басшысы Facebook желісінде.

Қазақ тіліндегі аудиокітаптар топтамасын AppStore, PalyMarket-тегі AudioKitap қосымшасынан табуға болады. Мұнда қазірдің өзінде 500-ден аса шығарманың дыбысталған нұсқасы бар.

«Аудио-кітап қатары толығып, жаңара береді. Дыбыстауға кітап/шығарма ұсыныңыздар. Ең жиі аталған кітаптарды бірінші кезекте жазып, саламыз», - деді Р. Кенжеханұлы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар