21 мау, 2019 сағат 07:45

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті, деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат»  деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілісте алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Депутаттардың қарауына Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы шекара маңы аумақтары тұрғындарының екі ел мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Бюро отырысының күн тәртібінде Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша заң жобасы мен Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделуде.