09 ақп, 2017 сағат 16:12

Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" РТРК бас продюсері болды

Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" РТРК" бас продюсері болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Қоянбаевтың айтуынша, бұл қызметке ол ақпанның басында келген. Шоумен телерадиокорпорацияның бас продюсері қызметі мен "Түнгі студияда" шоуының жүргізушісі жұмысын қатар атқарады.

"Алдымызда міндет көп. Өзіміз өндірген шоу-бағдарламаларды көптеп шығарғымыз келеді. Өзіміз өндірген сериалдардың санын арттырғымыз келеді", - деді жүргізуші.

Осыған дейін ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевпен қалай әңгімелескені жайлы, сонымен қатар, кинодағы дебюті жайлы пікірін айтқан еді.