18 қаң, 2017 сағат 11:37

Нұрболат Жолдасбек: "Айды көрсем түседі еске Тәңір"

"Бұ Таразда қай ақын бар?" деген сұраққа ширек ғасыр бұрын өмір сүрген жұрт өз замандастарын Томановты айтып таңдандырып, Маралтайды айтып селт еткізер ме ед?! Одан кейінгілер духаналарда Ерлан Жүністі оқып сарғыш тартқан саптыаяқтарын қағыстырар ма ед?! Көзге жылы ұшырардай сол көріністерді елестетіп көрдіңіз бе? Кеше болмыс-бітімінің өзі өлеңге сұранып тұрған белгісіз бір жігіттің Тәңірмен тілдескен шағындағы жан тебіренісі мен жүрек бұлқынысы біздің көзімізге де дәл солай жылы ұшырады.

"Күз жаратып, ғажабын көрсеткісі келген", күллі әлемге өлең көзімен қарап, Құдайдың кешірімді екеніне соңғы жауынгеріндей сенген жас ақынның өзіне тән үні барын анық байқаймыз. Поэзияға көркемөнер секілді айна деп қарасақ, кейде оның да сағат секілді «уақыттан алға озып» кететіні барын жоққа шығара алмаймыз. Міне, сол себепті біз ақын жырларындағы жаңашыл көзқарастар мен тың иірімдерге қарап, оны қазақы қара өлеңнің ауылынан алыс жүрген "түсініксіз ақын" немесе "өзге ғаламшарлық бәдәуи" деп кесіп айту құқығынан түпкілікті айырыламыз. Мұндайда тек "ең қарапайым дүниенің ең тереңі болады" деген пәлсападағы сөздердің ретін өзгертіп оқыған абзал секілді.

Кафканың шәкіртіндей айып таққыш болсақ, Нұрболатты "қиялын желік билеген қалып бұзғыш" дей салар ек. Ал, расымен солай болса ше?..

Айбол Исламғали

Драма 

Мен де көркем едім ғой, сен де көркем, 
Тәңір! 
Мінез секілді желден ерке. 
Жүрегімнің астында өліп кеткен, 
Қар түседі жылауық өлкеге ертең. 

Күз. 
Мұңыңдай титтей күн жалауды өпкен, 
Сықылықтап бақ күлсе,жөн – ау,жек көр! 
Аспан – сенің көзіңдей,сүңгіп кетсең, 
Орала алмай қаласың. 
...ағам кеткен. 

Мені көріп іңір тұр бетін ұстап, 
Сені көріп іңір тұр бетін ұстап. 
Жарды аймалар толқындай маңдайды ұрдым, 
Өлең жазбай кеткенім өкінішті – ақ. 

Кешір,досым! 
Өмір деген өлеңнің көшірмесі. 
Өлең жазып несіне мәз болады – ей, 
Балағынан келмейтін Есілге осы. 

Сен де көркем едің ғой,мен де көркем, 
Мінез! 
Тәңір секілді желден ерке. 
Есінесе ескі есік қойлы ауылда, 
Қар түскені жылауық өлкеге ерте. 

 Абсурд 

Ымырт. Мен білсем құдай кешірімді, 
(мысқыл) 
Іштен іліп еріншек есігіңді, 
Жыла, күнім... жаңбырды сөк, тағдырды... 
Іштей ғана қайталап есімімді. 

Естімесін жел жүдеу, қараша, бақ, 
Көкжиектен күн сүңгір қаласа ана. 
Шылым тартып отырған оңаша қап, 
...жынданатын секілді қара сағат. 

Жыр апиын, дін де... бір Алладан, 
Күнәсізбін, күнәлі гүл алмаған 
Қыз! 
Өлең мүмкін өмірдің көңілдесі 
Сүйкімді рас,барлығы құмар оған. 

Құрметті, өлеңшілер! 
Түңілдім деп, өмірден, бүгініңнен, 
Өлең іздеп қайтесің күн, іңірден. 
Етегіне жармаспай шешеміздің, 
Абзалы...сол. 


 Күй 

Жанымды жырға жасырған дұға, 
Басымнан аспай жүрмісің? 
Мейірді жұтқан ғасырға мына, 
Достықтың озық үлгісін 
Көрсетсем деп ем! Жасықпын неге? 
Ашықты неге ел осы? 
Алатау саған ғашықпын тегі, 
Безбүйректіктің Төресі.

Ағам деп жүрсем көктемді тірі, 
Қарындас екен кәдімгі. 
Еске алғым жоқ-ты өткеннің бірін, 
Соққылай берген жағымды. 
Мұратқа асыл жетті ме халық? 
Жетсе де ылғи көңілсіз... 
Тентіреп жүріп тепкіге қалып, 
Көк тіреп тұрсам мен үнсіз. 

Көкірек бұлттың көңілсіз әнін, 
Жаттағым келді жасырын. 
Өртеніп кетіп, қолым созамын 
Қайдасың менің ғасырым?! 
Таскерең түнмен бастар ем өмір, 
Құланды ойлаймын, оны да... 
Ешқашан енді қашпан О, Керім, 
Еріп жүре бер соңыма. 

Құл 
(И. Бродский «Гладиаторы») 

 Қоштасалық 
Қабірде жолыққанша. 
(Жаза басып...) 
Таяды біздің уақыт. 
Қалмай ма аңыз? 
Біз жеңілдік. 
Өлеміз майданда біз. 
(Ғажабы осы!) 
Қараймыз, 
Көз тартар мұнар-бұлтқа әр, 
сезініп бәрін іштей. 
Шашымыз сиремейді, әйелдерге 
Әм шарапқа құмарлықтан. 
...Колизей көгі түстес, 
Атажұрт аспанымен. 
Кеткен ем басқа бір ел 
Көгінде шындық бардай, 
Байлығына қызығып римдіктердің. 
Бәрі дұрыс. 
Реніш пе? 
Маңдайға жазғаны осы. 
Тұр алыста, 
Мың ғасыр біздерді сөзге қосар. 
Таяды біздің уақыт. 
Қалмай ма аңыз? 
Көздері жанған жұртқа, 
жүрегі бар, 
көрсетелік. 
Өлеміз майданда біз, 
Бір ғаламат қойылым күтеді олар. 


О.Сүлейменовке 

Есіне алып, Пушкинді, Олжасты ұдай, 
Үнсіз кетіп барады шулы көше. 
Сенбегейсің, ағаңды мұңлы десе ел! 
Пілге етене жақын ұлт. О, тас құдай!? 
Нұр тарайды дегенге алданам ғой 
Жүрегім…сен барып күнді үрлесең. 

Қолға түссе арлан не, қаншығың не? 
Жанарыңда мұң қалар сам сіңірген. 
«Ақын көркем болса игі, Тәңірісіндей» 
Ой ауыры – сиялы қауырсындай, 
Жоқ ауыры – өмір сүрген! 
Е, әділет, үмітім үзер бір күн, 
Е, касірет, еңлігің тізем жыртып. 

…Тербетіліп, теңселіп өмір сұмдық, 
Үнсіз кетіп барады шулы көше, 
Сенбегейсіз, ініңіз мұңлы десе ел. 
Көк бөріге жақын жұрт. Тәңіршілдік… 
Нұр тарайды дегені рас, шығар, 
Жүрегім… мен барып күнді үрлесем!? 


Sadness is a god... 

І 

 Сізді шексіз сүйемін, 
Тамшы – өмір, тамшы – ғалам! 
Соңғы сөзім, бұйырса, жан шығарда. 
«Алладан басқа жоқ, Тәңір, 
Мұхаммед оның елшісі» 
...Сен мені сүйесің ғой қалшы, құрбым, 
Ысқырығын тыңдайық әнші қырдың. 
Мына маңда әділдік болса егерде, 
Естімес пе ем сан сыбырды. 
(Тәңір,тәңір. Тәңірді тілдейді олар, 
Білмейді олар...) 

Тыңдашы, Өлең! 
Өлімді көргем! 
Тұрдым мен һәм көзіне тік қарадым, 
Діріліндей дауыстың хұтбадағы. 
Тамып түсті тағдырдың маңдайынан, 
Тамшы – ғасыр. 
Мен іздеген жұмақ күн бар шығарсың. 

Бірақ... 
Сағындым мен, таусылды тағатымда, 
Кінәлаймын білмеймін аға кімді. 
Сұрамайды енді ешкім сағатымды, 
Біз бір кезде бұты едік бір ошақтың, 
Қырқып кетті қос бірдей қанатымды, 
Айтпасаңда жауады – жауатын күн. 

Сіздерді шексіз сүйем, тағы құстар, 
Жеткіншектей жылауға жаны құштар. 
Жауап қайтып қалардай, хат жазамын, 
Жаңбырменен бейуақта жауып, ұшқан. 
Бірақ... тәңірді тілдейді олар, 
Білмейді олар... 

ІІ 

Бәрі орнында... 
Көктем де, күз, жауында, жұртын ізгі 
Нұрға ораған күн де анау, жыр,түн, біз, мұң. 
Қолым сілтеп кетер ем өміргеде 
Іздейтінім болмаса күлкіңізді. 

Жүріс те осы,айтайын сізге немді? 
Мақтап жүрмін үмітім үзген елді. 
Сізді ойласам әйтеуір күйеді ішім, 
Рас! Бақытты болармыз біздер енді. 

...Жаңылысып көктем жүр есімімнен, 
Сұлтаны өлген бегімдей есігінде. 
Қарғыс алып көргем жоқ сұлулардан, 
Келесіне кеткендер кешіріңдер. 

Бір құрғамай қойды ғой көзі мұңның, 
Толғантады қай әннің сөзі кімді. 
Кешіріңіз, сіз менің қайғылы әннің 
Қайырмасы секілді сезімімді. 

Сізді ойласам әйтеуір күйеді ішім, 
Сіз де мендей көктемді сүйемісіз? 
Мен айтатын әзілге күлемісіз? 
Сіз... сіз маған керексіз білемісіз? 
(Білемісіз, Тәңірдің мұңсыздығын?) 

ІІІ 

(Діншіл деуші ек, (неге екен?) бұл үйді біз, 
...Мен оқыған өлеңге ұйиды күз) 
Ерініңізге жағылған балмұздақты, 
Бармағыммен сүрткенде жымидыңыз. 

Жымидыңыз, көтеріп қасыңызды, 
Отырғызып алғандай иығына 
Мейірімді əке, төзімді ғасыр бізді. 
Жел тарап шашыңызды. 
Бір сөзімді ұқпапсыз, тек, əйтеуір, 
Үнсіз изей беріпсіз басыңызды. 

Кім түсінген ақынның жан айқайын, 
Білсемде оның мұңымды молайтарын. 
Қолға түскен бұйымды аспап етіп, 
Барымды сап...əн айтамын. 

Ұстаушы еді (мастықта) шынжыр қандай, 
Жыр тілгендей кеудесін мұң жырғандай. 
Ықылассыз қарайды кірпияз түн 
Бір мүйізін иесі сындырғандай. 

...бəрі өтті, көзім де өтті, сөзім де өтті, 
Мен жырлаған ғаламат сезім де өтті. 
Көп таныстың біріне айналдыңыз 
Ең тəтті назым кетті. 
Дұрыс шығар! 


 ***

Тас сүйреген құл сынды бұлтты тартып 
барады жел. Уақыт, түсіме енші. 
Бір бақытты бәрінен күттім артық, 
Қанша жанды жылатып, түсінерсіз. 

Қозы қарын қыр шығып айға алыстан 
ұлиды жел.Уақыт – ісіне емші. 
Келісе алмай ақыры айрылысқан, 
Барша жанды жұбатып,түсіме енші. 

Алагеуім сай барып төл түнеген 
тұрады жел.Уақыт. Кісіге ерсі. 
Сол жұпардан жанарды мөлдіреген, 
Қалғанымда ұнатып, түсінерсіз. 

Он үшінші ай. Қала. Түн. Аңызақ...сіз, 
Жоқ секілді бұл жұрттың тілегінде ой. 
Ештеңе етпес, Тәңірі, бәрі жақсы, 
Сүйемін ғой. 

Үй 

Не керемет бар екен жалбызда осы? 
жырлайды көп. 
Қырға өрмелеп барады андыз көші, 
Жардан құлап кеткендей көз алдында, 
жалғыз досы. 

Қариядай айрылған кенжесінен, 
Шөл кешіп өң. 
Белдесіп ем. 
Бас жазарға бес тиын таппағандай 
Қалтырайды тағдырым 
Біреу қойып қалардай желкесінен. 

Сылтау етіп ескіше емші уақты, 
Анасын жер сұрапты. 
Ұйытқысын үйінің мен алғандай 
Ет жүректі көрші әйел елжіретті. 

Сіздер білмейсіздер!!! 
...Мағрыптағы дұғадай жан бұзбаған, 
Құпиядай жан білмес, жар қызғанар. 
Іштей сезер күш сынды төбедегі 
Дос сірә жалғыз ғана. 
Жалғыз ғана! 
Бақсы болсам ба екен?! 

Хұтб 

Қысқа өмірді қалғыған қоритын кім? 
Құс Тәңірдің алтындап қанатын күн. 
Жетімдері жетілген үй секілді 
Жұлдыз жағып жатқаны қара түннің. 

Кешір мені көгілдір көктегі әнім, 
Кешір мені бейкүнә бақтағы өмір. 
Есімде әлі қайыңның белін қысып 
Басылғаным жете алмай көкке қолым. 

Шашы ағарған шал аспан...көшкен өңір, 
Қан тарайды қолынан кеште қоңыр. 
Қойды көрсем түседі еске тобыр, 
Айды көрсем түседі еске Тәңір. 

«Ыыы...ана, Алла рас...құранда... 
сүйсе кімді, 
Патшада сол,піріңде,би,сотыңда» 
Жұлдыз ағып жатқаны – ай қара түнде 
Жетімдерін жерлеген үй секілді. 

Кешір мені көгілдір көктегі әнім, 
Кешір мені жетпеді көкке қолым. 
Есімде әлі ерніңде өткен өмір, 
Есімде әлі сертіңде кеткен өңір. 

Қателігім секілді көбі менің, 
Қайғыдан қан жұтынды көкірегім. 
Ай, бұған...О, Ай, бұған сен не дейсің? 
...соңғы рет жыр оқиық өтінемін. 
«алаң да алаң, алаң жұрт..» 

Элегия 

Қандай ғажап ойыңда, жүрегіңде, 
Өмір сүру! 
Менің шыңым белгісіз, сенің шының. 
Қоштасалық дәл осы мас күйімді 
О, сосын, ақындығың бес тиын деп, 
Сен жүріп кет! Оралма!.. соңғы демім 
алғанша мен күтейін... 

Серт! Серт! Сертім осы! 
Тәңір – қуат. Күлкілі мас адамның, 
Жоғын айтып жылауы жасанғанның. 
Қиналғанда қараймын көкке бір сәт, 
Мұң тырмалап жатқан соң босағамды. 

Жанұя...біз...анамның көркем әні 
Бәрі-бәрі, бәрінен жол табады. 
Бүгін көрдім, көрші әжей ішеді екен, 
Қой, қарағым... құпиям, 
Махаббат жоқ, мән де жоқ бұл өмірге, 
Жалықпады деймісің жыр оқудан. 
Қандай ғажап, 
Өмір сүру ойыңда, жүрегіңде. 

Жаныңды кім түсінсін, ойыңды кім? 
Сенің... 
аспаныңда жауын бүгін, 
көз жасыңның сеземін ауырлығын. 
Өксігіңді баса алмай, сыбырлайсың, 
Жаным, қайырлы түн... 

Шолпан 
(Құл а-уузу бираббиль фаляқ) 

Мен кім едім? Кіммін мен? Білесің бе? 
Әлде кіммін ақ орам пірі өсірген. 
Раббысына ақ таңның сиынамын, 
Жігер болмай жатқаннан күресуге. 

Қауыс түні артпайды мұңын дәуір, 
Қара қырдың естімей ыңылдауын. 
Масайған бақша ішінде боп – боз тұман 
Жерді иіскеп келеді,дуылдауы 
Бітейді ойды құлақтың шыңылдауын. 
Күн суытса қазақта шылымды ауыл. 
Боп – боз тұман сақалдай біте шыққан 
Жел келсе ғой иектен қыруға оны. 
Итке ғана бұйырған үру бағы, 
Үсеновтың кешегі жырындағы. 
Менен биік аппақ ай жарын іздеп 
Өлең жазған ақындай қырымдағы. 

Білесің бе кіммін мен? Кім едім мен? 
Елді қорғар батырмын білегіммен. 
Сардарларды жерлеген күрегімнен 
Тамған қаны қап қойған сүйегімде 
Өмір кітап секілді, оқып бітсең 
Қызықсыз боп қалатын. 
Сүйемін мен! 
Гүл өңірді сезім бар иісінде, 
Бұл өмірді, жұптардың сүйісінде. 
Жігерімді жұтылған жанарыңда, 
Жүрегімді кеңдіктің үйі сыңды. 
Сүйемін мен шалдарды,аспанды да, 
Ұлылықты сеземін тастан мына. 
Иығында таты бар өткенімнің 
Жастарды да сүйемін асқарды да. 

Сүйемін мен ақ өзен,құрлықтарды, 
Құрлықтарды қартайған кім құтқарды? 
Білесің бе кіммін мен? Кім едім мен? 
Зардабымын кешегі сұмдықтардың, 
Періштесі едім мен құрлықтардың... 

Ерініңнен сүйемін жиі жаным, 
Менен, қалқа, бабалар биік әлі. 
Күнаһары қап – қара түндердің кіл 
Раббысына ақ таңның сыйынады. 
Сіз – көркемсіз көктемдей кеше келген, 
Һәм көркем есіміңіз. 
Сіз ешқашан өтпейтін көшелерде, 
күтіппін кешіріңіз. 
Сіз – сәулесіз сезімдей түнектегі өр, 
Һәм аппақ мүсініңіз. 
Сіз ешқашан көрмеген жүрекпенен, 
сүйіппін түсініңіз. 
Сіз – өлеңсіз өлімдей өмірге тең, 
Һәм нұрсыз қарашықта. 
Сіз... сіз барсыз, сосын мен көңілденем, 
мұңаям адасып қап. 
Сіз – қиялсыз, сіз – пәксіз, сіз ұнайсыз, 
қиялда мүсініңіз. 
Мен пендемін... жердемін, сіз құдайсыз, 
...құлайсыз түсініңіз. 

Парадокс 

Мен бәріне керексізбін, керекпін, 
Керектігім керексізге қорекпін. 
Мен - Махамбет болар едім, бірақта 
Бөлекпін... 

Бөлектігім тым қисынсыз түс көрем, 
Түс көруге күнәм шығар күштеген. 
Құдай жоқ деп айғайладым, қорықтым 
Қорыққаннан У жоқ, сірә, ішпеген. 

Қорыққанмын көшелерден қараңғы, 
Қатын дедім қабақ шытқан ғаламды. 
Жолыққанның жолын кестім, жарадым 
Қолын кестім қол көтерген адамның. 

Жер сұрады – жерге бердім, жерледім, 
Ел сұрады – елге бердім, өлмедім. 
Жалғыздыққа жалғыз бардым, жазғырды 
Жауыздыққа жалғыз досым азғырды, 
Ермедім... 

Кездесуге асыққанмын Алламен, 
Кімге жарық болған еді жалған өң? 
Қорқау тірлік жабысқан жоқ балаққа, 
Қорқақ қыртпен жабылмадым торға мен. 

Өткеніме өткенім деп қараймын, 
Сау күн іздеп арасынан әр айдың. 
Ақынсың деп алдағанмын талайды, 
Ақылды боп ішіп кеткем талай күн. 

Ақымық қой, ақымақтан жерідім, 
А, дариға! Ай, дариға, көңілім. 
Аз бақытты аз уақытты кешірдім 
Ақын болып кетемін деп ең ұлы! 

Сосын, сосын сүйгенім бар – Құландық, 
Бойында оның бір қылық жоқ ұнарлық. 
Біз бақытты бола алмаспыз, - деді де 
Кетіп қалды еркіндігін сыңар ғып. 

...Тізе берсем бола қоймас өлшемі, 
Тізе берсем көтермеспін еңсені. 
Шексіз мұңға алып кетем бір күні, 
Шексіз бақыт құшағынан мен сені. 
Шексіз сезім аралына мен сені... 

Ұлт порталы

Элегия

 

Қандай ғажап ойыңда, жүрегіңде,

Өмір сүру!

Менің шыңым белгісіз, сенің шының.

Қоштасалық дәл осы мас күйімді

О, сосын, ақындығың бес тиын деп,

Сен жүріп кет! Оралма!.. соңғы демім

алғанша мен күтейін...

 

Серт! Серт! Сертім осы!

Тәңір – қуат. Күлкілі мас адамның,

Жоғын айтып жылауы жасанғанның.

Қиналғанда қараймын көкке бір сәт,

Мұң тырмалап жатқан соң босағамды.

 

Жанұя...біз...анамның көркем әні

Бәрі-бәрі, бәрінен жол табады.

Бүгін көрдім, көрші әжей ішеді екен,

Қой, қарағым... құпиям,

Махаббат жоқ, мән де жоқ бұл өмірге,

Жалықпады деймісің жыр оқудан.

Қандай ғажап,

Өмір сүру ойыңда, жүрегіңде.

 

Жаныңды кім түсінсін, ойыңды кім?

Сенің...

аспаныңда жауын бүгін,

көз жасыңның сеземін ауырлығын.

Өксігіңді баса алмай, сыбырлайсың,

Жаным, қайырлы түн...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құл 
(И. Бродский «Гладиаторы»)
Қоштасалық
Қабірде жолыққанша. 
(Жаза басып...)
Таяды біздің уақыт. 
Қалмай ма аңыз?
Біз жеңілдік.
Өлеміз майданда біз. 
(Ғажабы осы!) 
Қараймыз,
Көз тартар мұнар-бұлтқа әр,
сезініп бәрін іштей.
Шашымыз сиремейді, әйелдерге
Әм шарапқа құмарлықтан.
...Колизей көгі түстес,
Атажұрт аспанымен. 
Кеткен ем басқа бір ел
Көгінде шындық бардай,
Байлығына қызығып Римдіктердің.
Бәрі дұрыс. 
Реніш пе?
Маңдайға жазғаны осы.
Тұр алыста,
Мың ғасыр біздерді сөзге қосар.
Таяды біздің уақыт. 
Қалмай ма аңыз?
Көздері жанған жұртқа, 
жүрегі бар, 
көрсетелік. 
Өлеміз майданда біз,
Бір ғаламат қойылым күтеді олар.

 

 

 

 

 

 

 

 

О.Сүлейменовке


Есіне алып, Пушкинді, Олжасты ұдай, 
Үнсіз кетіп барады шулы көше.
Сенбегейсің, ағаңды мұңлы десе ел!
Пілге етене жақын ұлт. О, тас құдай!?
Нұр тарайды дегенге алданам ғой 
Жүрегім…сен барып күнді үрлесең.

Қолға түссе арлан не, қаншығың не? 
Жанарыңда мұң қалар сам сіңірген.
«Ақын көркем болса игі, Тәңірісіндей»
Ой ауыры – сиялы қауырсындай, 
Жоқ ауыры – өмір сүрген! 
Е, әділет, үмітім үзер бір күн,
Е, касірет, еңлігің тізем жыртып.

…Тербетіліп, теңселіп өмір сұмдық, 
Үнсіз кетіп барады шулы көше,
Сенбегейсіз, ініңіз мұңлы десе ел.
Көк бөріге жақын жұрт. Тәңіршілдік…
Нұр тарайды дегені рас, шығар,
Жүрегім…мен барып күнді үрлесем!?
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Sadness is a god...

                 І

Сізді шексіз сүйемін,
Тамшы – өмір, тамшы – ғалам!
Соңғы сөзім, бұйырса, жан шығарда.
«Алладан басқа жоқ,Тәңір,
Мұхаммед оның елшісі»
...Сен мені сүйесің ғой қалшы,құрбым,
Ысқырығын тыңдайық әнші қырдың.
Мына маңда әділдік болса егерде,
Естімес пе ем сан сыбырды.
(Тәңір,тәңір. Тәңірді тілдейді олар,
Білмейді олар...)


Тыңдашы, Өлең!
Өлімді көргем!
Тұрдым мен һәм көзіне тік қарадым,
Діріліндей дауыстың хұтбадағы.
Тамып түсті тағдырдың маңдайынан,
Тамшы – ғасыр.
Мен іздеген жұмақ күн бар шығарсың.


Бірақ...
Сағындым мен, таусылды тағатымда,
Кінәлаймын білмеймін аға кімді.
Сұрамайды енді ешкім сағатымды,
Біз бір кезде бұты едік бір ошақтың,
Қырқып кетті қос бірдей қанатымды,
Айтпасаңда жауады – жауатын күн.


Сіздерді шексіз сүйем, тағы құстар,
Жеткіншектей жылауға жаны құштар.
Жауап қайтып қалардай, хат жазамын,
Жаңбырменен бейуақта жауып, ұшқан.
Бірақ... тәңірді тілдейді олар,
Білмейді олар...

                              ІІ

Бәрі орнында... 
Көктем де, күз, жауында, жұртын ізгі 
Нұрға ораған күн де анау, жыр,түн,біз,мұң. 
Қолым сілтеп кетер ем өміргеде 
Іздейтінім болмаса күлкіңізді. 


Жүріс те осы,айтайын сізге немді? 
Мақтап жүрмін үмітім үзген елді. 
Сізді ойласам әйтеуір күйеді ішім, 
Рас! Бақытты болармыз біздер енді. 


...Жаңылысып көктем жүр есімімнен, 
Сұлтаны өлген бегімдей есігінде. 
Қарғыс алып көргем жоқ сұлулардан, 
Келесіне кеткендер кешіріңдер. 


Бір құрғамай қойды ғой көзі мұңның, 
Толғантады қай әннің сөзі кімді. 
Кешіріңіз, сіз менің қайғылы әннің 
Қайырмасы секілді сезімімді. 


Сізді ойласам әйтеуір күйеді ішім, 
Сіз де мендей көктемді сүйемісіз? 
Мен айтатын әзілге күлемісіз? 
Сіз...сіз маған керексіз білемісіз? 
(Білемісіз, Тәңірдің мұңсыздығын?)

                     ІІІ

(Діншіл деуші ек, (неге екен?) бұл үйді біз,
...Мен оқыған өлеңге ұйиды күз)
Ерініңізге жағылған балмұздақты, 
Бармағыммен сүрткенде жымидыңыз.

Жымидыңыз, көтеріп қасыңызды, 
Отырғызып алғандай иығына
Мейірімді əке, төзімді ғасыр бізді. 
Жел тарап шашыңызды. 
Бір сөзімді ұқпапсыз, тек, əйтеуір, 
Үнсіз изей беріпсіз басыңызды. 

Кім түсінген ақынның жан айқайын, 
Білсемде оның мұңымды молайтарын. 
Қолға түскен бұйымды аспап етіп, 
Барымды сап...əн айтамын. 

Ұстаушы еді (мастықта) шынжыр қандай, 
Жыр тілгендей кеудесін мұң жырғандай. 
Ықылассыз қарайды кірпияз түн
Бір мүйізін иесі сындырғандай. 

...бəрі өтті, көзім де өтті, сөзім де өтті, 
Мен жырлаған ғаламат сезім де өтті. 
Көп таныстың біріне айналдыңыз 
Ең тəтті назым кетті.
Дұрыс шығар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойда – қырда бұл елге күз келіпті, 
Мұңаяды мені ойлап қыз көрікті. 
Жапырақпен билейді аспан мұңы, 
Билейді олар. «Вальс» дейді жастар мұны. 


Тағатымды тауысып тереземе 
Тиген тамшы. Тарылтты тынысымды. 
Дұға етемін сәріден кім үшін мен. 
Сезем бәрін, Оралхан өмірінің 
Ең соңғы күні сынды. 


Сірә қайғың сөзінде ұлы Абайдың, 
Ақша бұлтты ақ самал қуалайтын... 
Бүлдіршіндей тығылған қонақ келіп, 
Бұлт ішінен ай мәнсіз сығалайды.


...Жантайыпты таң да анау тау артында, 
(Су-сыпыртқы сыпырған дала, қырды әр.) 
Тұяғынан түн-тұлпар(дың) ұшып кеткен, 
Сынық ай тұр, неліктен жанарында. 


Жанарларын жел жұмды, алақаны- 
Жаңа бақыт, жаңа нұр таратады. 
Бесігінен бұлттардың құлап түскен, 
Сәлден соң күн шығады. Таң атады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шыбын жаның шығардай кім естісе,
Тарпаң ойдың тұяғын мінез тұсап.
Құраққа аунап жымиса бозбала,қыз,
Миығынан күледі түн ескіше.

...Ешбір адам білмейтін ең аяулы 
Күнәм едің. 
Маңдайыма сыймадың сірә,менің.
Жел теңселіп кеткенде жұпарыңнан 
Ұзатылған қыз сынды бұлт әлімнен, 
Сыңсиды кеп...жылауға құмар өмір. 

Менен басқа ұғысар ешкімің жоқ,
Шырылдайсың еңістен кешқұрым кеп. 
Мен 
Есіміңді өзіңнен естігім кеп. 

Егілемін, амал не үндемейсің, 
Тәңірі,айырылысар күнді қойшы. 
(Білесің ғой бұл жақта құл құдайшыл) 
Бөзге оранып кеткендей бұлдырайсың. 
Оу,сағым дүние...
Сенің есімің – Періште! 
Сенің есімің – Періште! 

...Табан тиді саған да жолдағы ауыл,
Қиялда ортақ,алдағы арман да бір.
Кезбе бақыт кезерген ерінін сулар,
Жанарыңнан жылт етіп тамғанда өмір.
Іңір...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абсурд


Ымырт. Мен білсем құдай кешірімді,
(мысқыл)
Іштен іліп еріншек есігіңді,
Жыла,күнім...жаңбырды сөк,тағдырды...
Іштей ғана қайталап есімімді.


Естімесін жел жүдеу,қараша,бақ,
Көкжиектен күн сүңгір қаласа ана.
Шылым тартып отырған оңаша қап,
...жынданатын секілді қара сағат.


Жыр апиын, дін де...бір Алладан,
Күнәсізбін,күнәлі гүл алмаған
Қыз!
Өлең мүмкін өмірдің көңілдесі
Сүйкімді рас,барлығы құмар оған.


Құрметті,өлеңшілер!
Түңілдім деп,өмірден,бүгініңнен,
Өлең іздеп қайтесің күн,іңірден.
Етегіне жармаспай шешеміздің,
Абзалы...сол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй

Не керемет бар екен жалбызда осы?
жырлайды көп.
Қырға өрмелеп барады андыз көші,
Жардан құлап кеткендей көз алдында,
жалғыз досы.

Қариядай айрылған кенжесінен,
Шөл кешіп өң.
Белдесіп ем.
Бас жазарға бес тиын таппағандай
Қалтырайды тағдырым
Біреу қойып қалардай желкесінен.

Сылтау етіп ескіше емші уақты,
Анасын жер сұрапты.
Ұйытқысын үйінің мен алғандай
Ет жүректі көрші әйел елжіретті.


Сіздер білмейсіздер!!!
...Мағрыптағы дұғадай жан бұзбаған,
Құпиядай жан білмес,жар қызғанар.
Іштей сезер күш сынды төбедегі
Дос сірә жалғыз ғана.
Жалғыз ғана!
Бақсы болсам ба екен?!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тас сүйреген құл сынды бұлтты тартып
барады жел.Уақыт,түсіме енші.
Бір бақытты бәрінен күттім артық,
Қанша жанды жылатып,түсінерсіз.

Қозы қарын қыр шығып айға алыстан
ұлиды жел.Уақыт – ісіне емші.
Келісе алмай ақыры айрылысқан,
Барша жанды жұбатып,түсіме енші.

Алагеуім сай барып төл түнеген
тұрады жел.Уақыт. Кісіге ерсі.
Сол жұпардан жанарды мөлдіреген,
Қалғанымда ұнатып, түсінерсіз.

Он үшінші ай. Қала. Түн. Аңызақ...сіз,
Жоқ секілді бұл жұрттың тілегінде ой.
Ештеңе етпес, Тәңірі, бәрі жақсы,
Сүйемін ғой.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарнын қасып тау жатқан, тыншып алап, 
Бұйра бұлттан бұртиған күн сығалап. 
Иығынан қырлардың шымшып әлек 
Миығынан күлетін мұң сұғанақ. 


Жетім ұлмен жесірдей жұртта қалған, 
Теңселеді толқындар ұрттап алған. 
Көшке қарап долданып Құртқа дәурен, 
Қарғысымен сабалап жұртты өлермен, 
Кебісіне тигізген мұртты ағарған. 


Омырауға сыймайтын қос анары... 
Күндіз-түні жиекті тасалады. 
Жанарынан тамғанын басалады, 
Жыр баптаған жұрт қана! 


Қос анары! 
Қазақы құдіреттің жыры осындай, 
Қалғып кеткен керімдей құлашымда Ай. 
Дүние-ай, әр ақынға
қоймайтұғын етегі бір ашылмай. 


Дәндеген жыр мұң еміп қазынадан, 
Абыз ғасыл аңырап, азынаған. 
Керегі жоқ айғайда, қазыда оған, 
Асасына барлығын жазып алған. 


...Айғай түгел азайды ойбай түгел, 
Кез жетті де жұртыма қойдай түлер. 
Құдайларын қолтықтап көтеріп жүр 
Ұрпағының ертеңін ойлайтын ел.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Драма 

Мен де көркем едім ғой,сен де көркем, 
Тәңір! 
Мінез секілді желден ерке. 
Жүрегімнің астында өліп кеткен, 
Қар түседі жылауық өлкеге ертең. 

Күз. 
Мұңыңдай титтей күн жалауды өпкен, 
Сықылықтап бақ күлсе,жөн – ау,жек көр! 
Аспан – сенің көзіңдей,сүңгіп кетсең, 
Орала алмай қаласың. 
...ағам кеткен. 

Мені көріп іңір тұр бетін ұстап, 
Сені көріп іңір тұр бетін ұстап. 
Жарды аймалар толқындай маңдайды ұрдым, 
Өлең жазбай кеткенім өкінішті – ақ. 

Кешір,досым! 
Өмір деген өлеңнің көшірмесі. 
Өлең жазып несіне мәз болады – ей, 
Балағынан келмейтін Есілге осы. 

Сен де көркем едің ғой,мен де көркем, 
Мінез! 
Тәңір секілді желден ерке. 
Есінесе ескі есік қойлы ауылда, 
Қар түскені жылауық өлкеге ерте.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Десь

Саусағымды жылыттым үсік алған,
Әлгі өлеңді есіме түсіре алман.
Бейбақпын – ау бейуақ бір бақыттың,
Соңына түсіп алған.

Қайда еді ол,ә? Жүректе...басымда ма?
Жылдай сіңіп кетті ме ғасырларға?
Тіршілікке көз бояу қосылғанда,
Тіреу болып кетті ме асылдарға?
Әлде,әлде шындықтың ақ сандығын,
Ғасыр көші құмдармен жасырғанда,
Ақынының еңсесі басылғанда,
Ұлдай еріп кетті ме ғасырларға?

Өмір – Кеме! Жанымыз бір еді ғой,
Қаза – қаза сынбапты – ау күрегің – ей.
Толқын теуіп қираған орта жолда
Қайда кетті қыршындар? – Жүр еді ғой...

Тірі еді ғой! Тірі ма ед?...есімде әлі,
Қарт әжейдің жасымда өсірді әні.
Ал оны ше? Оны ше? Кім өсірді?
Өмірі ме?...білмеймін кешір,жаным!

Есімде әлі досымның қарағаны,
Әлгі өлеңі,сезімдер арадағы,
Ар алдында адамның бәрі айыпты,
Жүрегінде Әр кімнің Қара адамы!

Бейбақпын – ау бейуақ жылап келем,
Әр пенденің көзінен сұрақ көрем.
Өмір – Кеме!Толқындар – тозақ оты
Жер астында секілді Жұмақ деген!

 

 

 

 

 

 

Хұтб

Қысқа өмірді қалғыған қоритын кім?
Құс Тәңірдің алтындап қанатын күн.
Жетімдері жетілген үй секілді
Жұлдыз жағып жатқаны қара түннің.

Кешір мені көгілдір көктегі әнім,
Кешір мені бейкүнә бақтағы өмір.
Есімде әлі қайыңның белін қысып
Басылғаным жете алмай көкке қолым.

Шашы ағарған шал аспан...көшкен өңір,
Қан тарайды қолынан кеште қоңыр.
Қойды көрсем түседі еске тобыр,
Айды көрсем түседі еске Тәңір.

«Ыыы...ана,Алла рас...құранда...
сүйсе кімді,
Патшада сол,піріңде,би,сотыңда»
Жұлдыз ағып жатқаны – ай қара түнде
Жетімдерін жерлеген үй секілді.

Кешір мені көгілдір көктегі әнім,
Кешір мені жетпеді көкке қолым.
Есімде әлі ерніңде өткен өмір,
Есімде әлі сертіңде кеткен өңір.

Қателігім секілді көбі менің,
Қайғыдан қан жұтынды көкірегім.
Ай,бұған...О,Ай,бұған сен не дейсің?
...соңғы рет жыр оқиық өтінемін.
«алаң да алаң, алаң жұрт..»

 

 

 

 

 

 

 

Көктемгі блюз

Өкпелеме.Жылама,көкем,ертең,
Гүлге орайды көркіңді көктем ерке.
Құсым ең қиялымда көп көретін
Түсірген сені кімдер көктен ерте.

Тығылса деп алқызыл ұртыңа үміт,
Бір күні әлей,ай да аппақ,бір күні ұлы.
(Білем саған дәл мендей ынтық ымырт)
Ғалам кезген күлкіңнен түн түріліп
Кәрі аспанды сүйейсің қолтығынан,
Өзің білмей күтесің кімді күліп?

Жолымды күт! Мен бармын. Келемін мен,
Жалын жұтып нұр шашқан өлеңіммен.
Мен ымыртпын қызарған сені көріп
Сағынышпын қол үзген дерегіңнен.

Сендік жұпар бұрқырап бақтардан әр,
Сен тұрғанда қалмайды ақ таңда мән.
Сенің демің жел болып аймалайды
Хама ағамды оқиды жатқа маған.

Көлеңкеңмін...мен ылғи қасыңдамын,
Есімді алдың,жанылдым жасынға әрбір.
Қаңғып кеткен басымдай ғасырларды
Жасырғанмын! Мен сенің қасыңдамын.

Кезіктірмей біздерді қойса тегі,
Кетер ме ем Ғайсаға еріп.
Күңіреніп кем туған пірлі дала
...Кейін сенен қызғанса Айша мені.

Дегдар әлем дертімдей,шынарым – ай,
Күн ілініп бұлттың құлағына.
Махаббатым үшін де О,Ай,бүгін
Өтінемін кешірім сұра...
Құдай!
(Алладан басқа жоқ тәңір...)

 

 

 

Күй

Жанымды жырға жасырған дұға,
Басымнан аспай жүрмісің?
Мейірді жұтқан ғасырға мына,
Достықтың озық үлгісін
Көрсетсем деп ем! Жасықпын неге?
Ашықты неге ел осы?
Алатау саған ғашықпын тегі,
Безбүйректіктің Төресі.
Ағам деп жүрсем көктемді тірі,
Қарындас екен кәдімгі.
Еске алғым жоқ-ты өткеннің бірін,
Соққылай берген жағымды.
Мұратқа асыл жетті ме халық?
Жетсе де ылғи көңілсіз...
Тентіреп жүріп тепкіге қалып,
Көк тіреп тұрсам мен үнсіз.
Көкірек бұлттың көңілсіз әнін,
Жаттағым келді жасырын.
Өртеніп кетіп,қолым созамын
Қайдасың менің ғасырым?!
Таскерең түнмен бастар ем өмір,
Құланды ойлаймын,оныда...
Ешқашан енді қашпан О,Керім,
Еріп жүре бер соңыма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолпан
(Құл а-уузу бираббиль фаляқ.)
Мен кім едім? Кіммін мен? Білесің бе?
Әлде кіммін ақ орам пірі өсірген.
Раббысына ақ таңның сиынамын,
Жігер болмай жатқаннан күресуге.

Қауыс түні артпайды мұңын дәуір,
Қара қырдың естімей ыңылдауын.
Масайған бақша ішінде боп – боз тұман
Жерді иіскеп келеді,дуылдауы
Бітейді ойды құлақтың шыңылдауын.
Күн суытса қазақта шылымды ауыл.
Боп – боз тұман сақалдай біте шыққан
Жел келсе ғой иектен қыруға оны.
Итке ғана бұйырған үру бағы,
Үсеновтың кешегі жырындағы.
Менен биік аппақ ай жарын іздеп
Өлең жазған ақындай қырымдағы.

Білесің бе кіммін мен? Кім едім мен?
Елді қорғар батырмын білегіммен.
Сардарларды жерлеген күрегімнен
Тамған қаны қап қойған сүйегімде
Өмір кітап секілді,оқып бітсең
Қызықсыз боп қалатын.
Сүйемін мен!
Гүл өңірді сезім бар иісінде,
Бұл өмірді,жұптардың сүйісінде.
Жігерімді жұтылған жанарыңда,
Жүрегімді кеңдіктің үйі сыңды.
Сүйемін мен шалдарды,аспанды да,
Ұлылықты сеземін тастан мына.
Иығында таты бар өткенімнің
Жастарды да сүйемін асқарды да.

Сүйемін мен ақ өзен,құрлықтарды,
Құрлықтарды қартайған кім құтқарды?
Білесің бе кіммін мен? Кім едім мен?
Зардабымын кешегі сұмдықтардың,
Періштесі едім мен құрлықтардың...

Ерініңнен сүйемін жиі жаным,
Менен,қалқа,бабалар биік әлі.
Күнаһары қап – қара түндердің кіл
Раббысына ақ таңның сыйынады.

Сіз – көркемсіз көктемдей кеше келген,
Һәм көркем есіміңіз.
Сіз ешқашан өтпейтін көшелерде,
күтіппін кешіріңіз.
Сіз – сәулесіз сезімдей түнектегі өр,
Һәм аппақ мүсініңіз.
Сіз ешқашан көрмеген жүрекпенен,
сүйіппін түсініңіз.
Сіз – өлеңсіз өлімдей өмірге тең,
Һәм нұрсыз қарашықта.
Сіз...сіз барсыз,сосын мен көңілденем,
мұңаям адасып қап.
Сіз – қиялсыз,сіз – пәксіз,сіз ұнайсыз,
қиялда мүсініңіз.
Мен пендемін...жердемін,сіз құдайсыз,
...құлайсыз түсініңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Парадокс

Мен бәріне керексізбін,керекпін,
Керектігім керексізге қорекпін.
Мен- Махамбет болар едім,бірақта
Бөлекпін...

Бөлектігім тым қисынсыз түс көрем,
Түс көруге күнәм шығар күштеген.
Құдай жоқ деп айғайладым,қорықтым
Қорыққаннан У жоқ,сірә, ішпеген.

Қорыққанмын көшелерден қараңғы,
Қатын дедім қабақ шытқан ғаламды.
Жолыққанның жолын кестім,жарадым
Қолын кестім қол көтерген адамның.

Жер сұрады – жерге бердім,жерледім,
Ел сұрады – елге бердім,өлмедім.
Жалғыздыққа жалғыз бардым,жазғырды
Жауыздыққа жалғыз досым азғырды,
Ермедім...

Кездесуге асыққанмын Алламен,
Кімге жарық болған еді жалған өң?
Қорқау тірлік жабысқан жоқ балаққа,
Қорқақ қыртпен жабылмадым торға мен.

Өткеніме өткенім деп қараймын,
Сау күн іздеп арасынан әр айдың.
Ақынсың деп алдағанмын талайды,
Ақылды боп ішіп кеткем талай күн.

Ақымық қой,ақымақтан жерідім,
А,дариға!Ай,дариға, көңілім.
Аз бақытты аз уақытты кешірдім
Ақын болып кетемін деп ең үлы!

Сосын,сосын сүйгенім бар – Құландық,
Бойында оның бір қылық жоқ ұнарлық.
Біз бақытты бола алмаспыз,- деді де
Кетіп қалды еркіндігін сыңар ғып.

...Тізе берсем бола қоймас өлшемі,
Тізе берсем көтермеспін еңсені.
Шексіз мұңға алып кетем бір күні,
Шексіз бақыт құшағынан мен сені.
Шексіз сезім аралына мен сені...