24 қаң, 2020 сағат 08:50

Нұр-Сұлтанды қасқырлар кезіп жүргені туралы ақпарат жалған – әкімдік

Нұр-Сұлтан қаласының шеткері аумақтарын қасқырлар кезіп жүргені туралы әлеуметтік желілерде жалған видео тарады. Соған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі – қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Әлеуметтік желілерде қаланың шеткері аймақтарында жүрген қасқырлар туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке тартуға алып келетінін есте сақтап жүрген жөн», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, қарқырлар Көкталда, мамандандырылған ХҚКО-да жүр деген хабарламалар тарап кеткен еді.