#
#
Сейсенбі 12/11/2019

Нұр-Сұлтанда «Жасыл ел» жасағының XV еңбек маусымы аяқталды

  • 22.10.2019
  • 0
  • 141

Астананың студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасағының XV маусымының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасағы 2005 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Биыл да ел астанасында жастардың республикалық еңбек жасағы құрылып, оның бөлімшелері барлық өңірде ашылды. Қоғамдық даму істері басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбековтың айтуынша, биыл «Жасыл ел» штабы жаз маусымында елорданың 1000-нан астам жас тұрғынын жұмыспен қамтыды.

«Жасыл ел» құрамында еңбек еткісі келетін жастар саны жыл санап артып келеді. Биыл штаб жоспарды межеленген шамадан артық орындап, мыңнан астам астаналық жас жазғы уақытта жұмыспен қамтамасыз етілді. Оның үш жүзге жуығы - көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары.

Бұған қоса ювеналдық полицияда есепке алынған жастар да еңбекке тартылды. Қаладағы оннан астам ұйым оларға жұмыс орнын ұсынды. Олардың арасында «Базис-А», «Астана-Зеленстрой» АҚ, «Астана орманы» ЖШС сияқты құрылыс компаниялары мен білім беру ұйымдары бар», - деді Бақытжан Жүнісбеков.

«Жасыл ел» жасағы маусымының жабылу рәсіміне қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары қатысты.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар