23 қаң, 2020 сағат 07:15

Нұр-Сұлтанда екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері оқымайды

Нұр-Сұлтан қаласында екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды, деп хабарлайды қалалық Білім басқармасы.

«23 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты қала мектептерінде екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елордада бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін оқу процесі тоқтатылған болатын. Сондай-ақ, қалаға іргелес Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары мектепке бармады.

Синоптиктер 22-24 қаңтар күндері бас қалада ауа райы бұзылатыны жөнінде ескерткен болатын.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.