10 қаң, 2020 сағат 09:36

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар қанша тұрады?

Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, қысқы маусымда әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және баға өсімінің алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы үнемі бақылау жүргізіп отыр.

Мәселен, «Астықжан» және «КеңМарт» сауда орталықтарына мониторинг жүргізіліп, ондағы картоп пен сәбіздің бағасы бір келісі үшін (бөлшек сауда) 78 теңгеден, пияз – 73 теңгеден, қырыққабат 93 теңгеден саудаланып жатқаны белгіленді.

«Бұл бағалар «Шарын», «Алаш» секілді ірі базарлардың орташа көтерме бағасына сәйкес келеді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және басқарма бақылауына алынған», - деді әкімдіктен.