20 нау, 2020 сағат 20:50

Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау бекеттерінің жұмыс кестесі өзгерді

21-25 наурыз күндері ақша айырбастау пункттері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл туралы "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен, 2020 жылғы 21-25 наурыз аралығында уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетелдік валютамен айырбас операцияларын жүзеге асыру құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00 бастап 16:00 дейін шектеледі», - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.