01 сәу, 2020 сағат 16:41

Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Нұр-Сұлтанда әр түрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. 

Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитар дәрігердің шешімі бойынша кіреберіс карантиннен алынады. 

Қазақстанда коронавирустан сауыққандардың саны - 24 адам, оның 16-сы - Нұр-Сұлтан қаласында.