#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Nur-Sultan - NS туристік бренді жасалды - Алтай Көлгінов

  • 19.09.2019
  • 0
  • 264

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың туристік әлеуметі туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаладағы туризм саласы өте қарқынды дамып келеді. Соңғы 10 жылда туристер мен қонақ үйлер саны еселеп артты. Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа әуежай терминалының ашылуы жолаушылар ағынын 3,5 есеге көбейтуге мүмкіндік берді. Біздің әуежай жылына 8 млн туристі қабылдай алады», - деді әкім PATA Travel Mart 2019 Азия-Тынық мұхиты елдерінің халықаралық туристік көрмесінде.

Оның айтуынша, биыл елорда Mastercard компаниясының үздік 200 туристік бағыты рейтингіне енді.

«Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Куала-Лумпур сынды жаһандық қалалардың тәжірибесін зерттеп, Nur-Sultan - NS туристік бренді жасалды. Президенттің тапсырмасымен биыл астанада Халықаралық туризм мен қонақжайлылық университеті ашылады», - деді А. Көлгінов.

Одан бөлек, елорданың туризмін дамытудың үш негізгі бағыты анықталған.

«Бірінші бағыт - оқиғалық, іс-шаралар туризмін дамыту, әлем чемпионаттарын көптеп ұйымдастыру. Мысалы, қазір Нұр-Сұлтанда күрестен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Маусым айында Орталық Азияның Comic Con фестивалі өтті, оған 53 мың адам келді. Шілде айында дәстүрлі Ironman өткіздік. Екінші бағыт - медициналық туризм. Халықаралық сарапшылар Нұр-Сұлтанда медициналық туризмнің үлкен әлеуетін көріп отыр. JSI аккредиттеген жеті ұйымның алтауы біздің астанамызда орналасқан. Үшіншіден, Нұр-Сұлтан - Еуразиядағы үздік көрме орталығы. Біз Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығының Еуразиядағы ең ірі мүшесіміз. Халықаралық деңгейдегі шаралар шетелдік қонақтарды көбейтіп қана қоймай, қала экономикасының дамуына ықпал етеді», - деді А. Көлгінов.

Еске сала кетсек, ТМД аумағында алғаш рет Нұр-Сұлтанда PATA Travel Mart 2019 Азия-Тынық мұхиты елдерінің халықаралық туристік көрмесі ашылды. Оған Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің 250-ден астам туристік компаниясы қатысуда. Көрме аясында Tax Free Қазақстанның туристерге салықсыз жүйесі іске қосылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар