26 мам, 2020 сағат 20:05

Нұр-Сұлтан мен Қостанайда коронавирустан екі адам қайтыс болды

Коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 1951 жылы туған ер адам және Қостанай облысында 1965 жылғы әйел өмірден өткен. 

Қазақстан бойынша барлығы 37 адам қайтыс болды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 6
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 6
Ақмола облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Қарағанды облысы – 3
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 2
Түркістан облысы – 1