02 сәу, 2020 сағат 15:18

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы күшейтілген карантин өз нәтижесін бере бастады - Қарин

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында күшейтілген карантин режимі өз нәтижесін бере бастады. Бұл жайында ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы күшейтілген карантин режимі қалай десек те, өз нәтижесін бере бастады. Мемлекеттік комиссия екі қалада 28 наурыздан бастап күшейтілген карантин режимін енгізгеннен кейін коронавирус індеті таралуының өсім қарқыны баяулады», - деді Ерлан Карин.