#
#
Жексенбі 07/06/2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронвирусқа сараптама алатын қоршаулар пайда болады

  • 08.04.2020
  • 0
  • 182

Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронвирусқа сараптама алатын қоршаулар пайда болады. Бұл жайында ҚР ДСМ Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар ұлттық сараптама орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінгі күні біздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметіміз эпидемиологиялық зерттеу, байланыста болған тұлғалардың аясын анықтау, бару және материалдар алу бөлігінде барынша тиімді жұмыс істеп жатыр. Шатыр немесе қоршау бекетін қоюдық еш қажеттігі жоқ», - деді ол онлайн брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, жүйе бүгінгі күні аталған бекеттерді құрмастан-ақ талап етілген көлемді, үлгілерді жинауға қауқарлы.

«Дегенмен, мұндай мобильды бекеттер қойғысы келіп отырған мецанаттар бар екендігін білемін. Оларға көп рахмет. Олар таяу уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында орнатылады. Себебі, осы екі қалада науқастар барынша көп тіркелген», - деді Арнұр Нұртаев.

Сонымен қатар, ол Қазақстанға мұндай бекеттердің үлкен көлемде қажет болмайтындығына үміт артатындығын баса айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар