#
#
Бейсенбі 02/04/2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда инфекционист-дәрігерлер жеткілікті ме?

  • 26.03.2020
  • 0
  • 57

Өңірлерден Нұр-Сұлтан мен Алматыға жіберілген дәрігерлер мегаполистердегі эпидемиологиялық ахуалды тексеруге көмектесіп жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінде барлық қала үшін кадрлық резерв жасақталған. Дегенмен дәрігерлер екі қалада (Нұр-Сұлтан мен Алматы) ауруханаға жатқызылып жатқандармен де, карантинге түсіп жатқандармен де жұмыс істеп үлгеріп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды күшейту үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына түрлі өңірлерден адамдарды іссапарға жібердік. Олар блок-бекеттерде кезекшілік ұйымдастыруға және эпидемиологиялық ахуалды тексеруге көмектесіп жатыр»,- деді комитет төрайымы министрліктің Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар