24 там, 2019 сағат 11:26

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына жаңа басшы келді

Талғат Рахманберді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы хабар елорда әкімдігінің сайтында хабарланды.  

Талғат Рахманберді Абайұлы 1984 жылы туған. 2 жоғары білімі бар, заңгер, экономист, заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: - 2001-2010 жылдары облыстық және республикалық жастар ұйымдарының басшылығы;

2010-2011 жылдары құқық қорғау саласындағы қызмет;

2011-2012 жылдары Алматы қаласының мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының директоры;

2012-2016 жылдары «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

2016-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары;

01.04-22.07.2019 жылдары - Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары;

22.07- 24.08.2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі.