#
#
Сейсенбі 10/12/2019

Нұр-Сұлтан қаласында Энергия үнемдеу тақырыбында халықаралық форум өтеді

  • 17.11.2019
  • 0
  • 546

29 қарашада Қазақстанның астанасында Халықаралық энергия үнемдеу күніне (11 қараша) арналған II {алықаралық форум өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Форумның мақсаты - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мәселелерді талқылау үшін жыл сайынғы басты диалог тұғырнамасын нығайту.

Форум жұмысына халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың, бизнес-құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Халық арасында энергия үнемдеуді танымал ету мақсатында форум ұйымдастырушылары «Энергия үнемдеу балалар көзімен» балалар суреттерінің республикалық конкурсын және мемлекеттік ұйымдар арасында «Ең үздік энерготиімді бюджеттік мекеме» атағына конкурс жариялады. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 10-25 қарашасы аралығында өтеді.

Шара туралы толық ақпаратты www.eeday.kz сайтынан алуға болады.

Форумды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша Дүниежүзілік Банктің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ ұйымдастырды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар