23 сәу, 2019 сағат 12:15

«Nur Otan» съезі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бекітті

«Nur Otan» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, партия съезінің жұмысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент палаталарының төрағалары Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматулин,  Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, дипломатиялық корпус өкілдері, өңірлерден келген 627 делегат, жалпы 1500-ден астам адам қатысып отыр. 

Жиында Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды.