05 ақп, 2020 сағат 14:25

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

2020 жылдың 18 наурызында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Nur Otan» партиясының Төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды. «Nur Otan» партиясының 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланатын болады», - деп жазды Twitter-де ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Еске салайық, бүгін Елбасы пратия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.