16 там, 2019 сағат 14:20

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы басталды

Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі басталды. Бұл туралы twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі басталды. Мәжіліске ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы төрағалық етуде. Күн тәртібінде сайлау туралы жаңа заң аясында сайлау науқанына дайындық барысы сияқты тағы да бірқатар маңызды мәселе бар», - деп жазды баспасөз хатшысы.