01 қаз, 2019 сағат 12:36

Никол Пашинянмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаластық – ҚР Президенті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды кеңейтуге уағдаластық. Елдеріміздің арасында барлық бағыттар бойынша сенімді әрі ашық диалог орнаған. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз дамып келеді», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-де.