06 мау, 2018 сағат 09:15

Нидерланды премьері парламентте кофе төгіп алып, еденді өзі жуды (Видео)

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте парламент ғимаратында кофе төгіп алып, былғаған жерін өзі тазалады. 51 жастағы саясаткер қолына еденжуғыш құралды алып, тап-тұйнақтай етіп еден мен турникетті сүртті. Осы жағдайға Голландияның Түркиядағы елшісі Кис ван Бек куәгер болды. Ол өзі түсірген видеоны Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 

Видео авторы ғимаратты тазалаушы қызметшілердің таңданысын және премьердің әрекетіне риза болған әйелдердің қол шапалақтаған сәтін түсіріп алған. 

Кейбір пікір қалдырушылар оның ісін "жарнама" деп жазды. Алайда дипломат Марк Рюттенің "шын мәнінде сондай адам" екенін түсіндірді. "Мен оның бірнеше рет Гаагада велосипедпен жүргенін көрдім", - деп жазды ван Бек. 

Сондай-ақ ол Нидерланды премьер-министрі жайлы былай деп жазды: "Оның саясаткер болуына қарамастан, ол тым жақсы әрі қарапайым".

kaz.tengrinews.kz