03 қаз, 2019 сағат 13:54

Ядролық сынақ құрбандары: Алматыда Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды

Бүгін ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсенді мүшесі Кәріпбек Күйіковтің жеке көрмесі ашылды.

Экспозицияға автордың 50-ге жуық картинасы қойылды.

К.Күйіков Семей ядролық полигонынан 100 метр қашықтықта орналасқан Егіндібұлақ ауылында 1968 жылы дүниеге келген. Ол - ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі.

АТОМ жобасының Құрметті елшісі ретінде БҰҰ және Құрама Штаттар Конгресі өкілдері алдында ядролық қаруға қарсы тақырыпта сөз сөйлеу үшін түрлі конференциялар мен шараларға шақырылған.

Көрме ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін жалғасады.