18 мам, 2018 сағат 08:33

Неміс зерттеушісі: Қытайда 1 миллион мұсылман қамауда отыр

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында 1 миллион мұсылман қамауда отыр. Германиялық зерттеуші Адриан Зенц өз баяндамасында осындай дерек келтіреді. Неміс оқытушысы саяси үйрету орталықтарына ұйғырлар, қазақтар мен қырғыздардың қамалғанын айтқан. Осы мәліметті негізге ала отырып, АҚШ-тың "The Washington Post " басылымы көлемді мақала жариялапты. Бұл туралы "Жас Алаш" хабарлайды.

Дерекке сенсек, Қытай үкіметі Шыңжаңдағы 40 елдімекенде орналасқан саяси үйрену орталықтарын дамыту үшін арнайы тендр жариялапты. Олар бұл жобаны алғаш 2016 жылы қолға алып, жүзеге асыруға жең түре кіріскен сыңайлы. Жобаның жалпы құны 680 млн юаньға (107 млн доллар) бағаланған.

Биыл сәуір айында жарияланған тендр бойынша, 286 мың шаршы метр аумаққа алып орталық салу көзделген екен. Ол жерде полицейлерден бөлек, криминалды психология және әскери тәжірибесі бар адамдар жұмыс істемек. Қазір жергілікті билік өкілдері осындай саладан хабары адамдарды іздеп жатқан көрінеді.