20 там, 2019 сағат 10:19

Назарбаевтың Үшқоңыр бөктерінде ән салған видеосы жарияланды

ҚР Тұңғыш Президентінің Үшқоңырдағы серуендеген сәті бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елбасы баспасөз қызметінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеодан Қазақстанның Тұңғыш Президенті тау бөктерінде серуендеп келе жатып «Үшқоңыр» әнін айтқанын көруге болады.

«Көптеген елдерді араладым… Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…», - деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.