15 мам, 2018 сағат 07:51

Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 15 мамыр күні жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Президент алдымен негізінен жиһаз және басқа тұрмыстық бұйымдар шығаратын «Квант» ЖШС-ға ат басын тіремек. Сондай-ақ «Жайық Агро LTD» ЖШС-ның құс фабрикасында, сэндвич-панельдер өндіретін «Агран» ЖШС-ында болмақ.

Елбасы Оралдағы жаңа алаңда облыс орталығының даму болашағынан қанығып, ассамблея мүшелерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездеседі. Оқушылар сарайында Президент жас боксшылармен жүздесіп, білім және денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысады деп күтілуде.

Сонымен қатар Президенттің жастармен кездесуі жоспарланып отыр.