23 там, 2018 сағат 16:57

Назарбаев «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.

Мемлекет басшысы «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы өнім өндіру көлемін, еңбек өнімділігін, металл өңдеу дәлдігін арттыруға, сондай-ақ адам факторына байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін, робот көмегімен дәнекерлеу әдісін қолдану арқылы металл конструкцияларын өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа зауытта ішкі нарыққа және экспортқа шығаруға арналған дайын өнім үлгілері көрсетілді.

Қазақстан Президенті кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесу барысында өнеркәсіптің түрлі салаларында заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, «Жігермұнайсервис» компаниясының өндірісін әртараптандырудың артықшылықтарын айтты.