15 нау, 2019 сағат 16:20

Назарбаев Жаңа Зеландияның басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Пэтси Реддиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Крайстчерч қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Біз жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптаймыз.

Қазақстан біздің елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын», - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.