08 там, 2017 сағат 16:52

Назарбаев жаңа тағайындаулар жасады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тағайындаулар жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген жарлық мәтінінде.

Еске салайық, 2017 жылы 15 ақпанда Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияғы елшісі болып тағайындалған еді.