#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Назарбаев Зеленскиймен кездесті

  • 22.10.2019
  • 0
  • 366

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кездесу барысында Елбасы Владимир Зеленскийді Украинаның Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

– Украинаның жаңалықтарын күнделікті қадағалап отырамын. Мен үшін сіздің еліңіздің орны ерекше. Бұл кезінде Украинада екі жыл оқығаным үшін ғана емес. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Украина президенттерімен жақын таныс болдым, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы оқиғаларға өз алаңдаушылығын білдірді.

Елбасы Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

– Сіз сайлауда халықтың үлкен сеніміне ие болдыңыз. Президенттердің ішінде алғашқы болып зор сеніммен, 70 пайыздан астам дауыспен жеңіске жеттіңіз. Қалаған дүниелеріңізді іске асыруға қазір мол мүмкіндігіңіз бар. Осы жолда сізге табыс тілеймін, – деді Елбасы.

Өз кезегінде, Владимир Зеленский Украинаның Қазақстан Республикасын кең ауқымды мәселелер бойынша әрдайым қолдағанын атап өтті.

Келіссөздер барысында, В.Зеленский Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен Нью-Йорк қаласында кездескенін айта келе Елбасыны Украинаға шақырды.

«Нью-Йоркте Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамен танысуға мүмкіндігім болды. Бізге, Украинаға, сапармен келуге шақырдым. Сіз де Украинада сан мәрте болған едіңіз. Осы мүмкіндікті пайдаланып өзіңізді Украинаға сапармен келуге шақырамын», - деді Зеленский.

Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-саттықты арттырып, қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар