04 мам, 2018 сағат 08:32

Театр әртісі Юрий Померанцевке "Еңбек Ері" атағы берілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Юрий Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.  

"ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін "М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" РМҚК артисі Юрий Борисович Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда. 

11 ақпанда Юрий Померанцев 95-ке келді. Ол 1923 жылдың 11 ақпанында Киевте туған. 30-жылдары әкесі "Қарағанды шахта құрылысында" жауапты қызмет атқарып, отбасы Қарағандыда тұрып келген. 1938 жылы әкесі атылып, осыдан кейін отбасы Мәскеуге көшкен. Юрий Померанцев - Ұлты Отан соғысы қатысушысы. Жарақат алып, аяққан соң Алматыға келіп, осындағы шешесімен тұрып келген. Актерлік карьерасы Алматыда басталған.