13 қар, 2017 сағат 13:35

Назарбаев: Үлкен Еуразия құрлығындағы елдердің болашағын ашық талқылаймыз

Бүгін Астанада Назарбаев Орталығында Астана клубының үшінші отырысы жұмысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр. Еуразия құрлығының нақ ортасында отырған еліміз үшін “Үлкен Еуразия: текетірес немесе серіктестік” тақырыбында өтіп жатқан отырыстың маңызды екенін айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

“Жыл сайын өтетін үшінші Астана клубының отырысында көргеніме қуаныштымын. Сарапшылардың отырысы барысында үлкен Еуразия құрлығындағы елдердің болашағы мәселесін ашық талқылайтын боламыз. Құрлықтың нақ ортасында отырмыз, сондықтан да сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды. Бүгін осы отырысқа атақты сарапшылар, беделді дипломаттар, саясаткерлер, бұрынғы мемлекет басшылары қатысып отыр. Олардың барлығымен әртүрлі кезеңде жұмыс істедім. Болып жатқан процесстерге олардың әрқайсысының дербес көзқарасы бар.Біз сарапшылардың пікірін тыңдауымыз қажет”, - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, алғаш рет клуб жұмысына ең жоғары деңгейлі саясаткерлер – экс-мемлекет басшылары Абдолла Гүл (Түркия), Вацлав Каус (Чеxия), Данило Тюрк (Словения) қатысуда.

Астана клубы сессияларына жаһандық сарапшылар қауымдастықтың ірі тұлғалары – Джордж Фридман (Statfor негізін қалаушы), Эндрю Качинс (Джорджтаун университетіб АҚШ), эдвард Люттвак (Стратегиялық және xалықаралық зерттеулер орталығы, АҚШ), Фредрик Старр (Джонс Хопкинс университеті, АҚШ) және т.б қатысып отыр.

“Қазақстан қазіргі кезеңде өзінің дамуының екінші ширек ғасырына өтті. Еліміз бүгінде xалықаралық алаң болып табылады. Өзекті мәселелерді қарастырып, талқылаудамыз. Осы жазда арнайы мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі өткен болатын. 115 ел мен 29 xалықаралық ұйым қатысты. 4 миллионнан астам адам тамашалады. Әлемде толеранттылық, ұйымдасу, жаһандық мәселелерді шешу өзара серіктестік философиясына тән, әсіресе Сирияға, ядролық қаруға қатысты өркениеттер арасындағы диалог экономикалық әлеуметтік күн тәртібін әзірлеу болып табылады”, - деді мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Қазақтанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі екенін, 1 қаңтардан бастап жұмысқа кірісетінін атап өтті. Осыған орай бүгінгі отырыста әлемде болып жатқан өзгерістерді талқылайтынын айтты.

Еске сала кетсек, бүгін елордамызда Назарбаев Орталығында Астана клубының үшінші отырысы жұмысын бастады. Халықаралық пікірталас алаңына 27 елден 60-тан астам қатысушы келген.