14 қаң, 2018 сағат 18:31

Назарбаев-Трамп кездесуінде бұғатталған 22 млрд тағдыры талқылана ма?

Forbes about Kazakhstan, without PR.....

Форбстың АҚШ-тық оригинал нұсқасы Қазақстан туралы қомақты материал жариялапты. Себебі 16 қаңтар күні екі ел президенті жолықпақ.

Негізінен мақала президент Назарбаев жайлы. PR деген белгісі жоқ. Бір-екі жерде сынағаны болмаса, негізінен мақтапты.

Бұл ел бұрыңғы полицей-мемлекет Өзбекстан емес, шығысында соғысы бар Украина емес, Ресей басып кіреді-ау дейтін Литва емес, инвестицияны әлемнен жиған, Қытайдың миллиондарын Хоргосқа салдырған, Дженерал Электрикпен 700 локомотив соғып жатқан, Қашағанға миллиардтарды тарта білген Қазақстан депті. Шеврон биыл бұл елге қосымша 3,7 млрд $ құймақшы дегенді де қосыпты.

Бірақ көп "станның" бірі емес, Астанадағы МФЦ-ны мини-Дубай, аспандағы кішкене пирог деп мысқылдай сипаттапты.
Соңында бір эксперттің "инженерлер мен менеджерлердің біліміне осынша көп қаражат салған мұндай бірде-бір басшыны білмеймін" деген сөзімен аяқтаған. Қысқасы, елді де, президентті де мақтапты.

Дегенмен, алдағы кездесудегі басты тақырыптың бірі арестке қойылған 22 млрд және 5 млрд доллар қаражатымыздың тағдыры болатын секілді...

Оған қоса, 1 ақпаннан бастап Ресейдің Резервный фондында ақша қалмай жұмысын тоқтатуы - отқа май құйып тұр.

Нұрмұхаммед Байғараевтың фейсбуктегі жазбасынан