05 мам, 2018 сағат 07:15

Назарбаев Саркисянмен Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады.

Қазақстан Президенті достас армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді.