30 қаң, 2017 сағат 15:18

Назарбаев республикалық телеарналар арқылы арнаулы мәлімдеме жасайды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнаулы мәлімдеме жасайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін сағат 21.00-де республикалық телеарналар арқылы Мемлекет басшысының арнаулы мәлімдемесі жарияланады", - делінген Ақорданың хабарламасында.

25 қаңтарда Қазақстан Президенті қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды.