#
#
Сейсенбі 23/10/2018

Назарбаев Ресейде болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

  • 12.02.2018
  • 0
  • 587

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

 

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу түбінде "Саратов әуе желісінің" Ан-148 жолаушылар ұшағы құлады. Құлаған ұшақ Раменск ауданының аумағынан табылды.  
Мəскеуден Орск қаласына ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген соң екі минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Ұшақта 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы ажал құшты.  

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар