11 қар, 2019 сағат 18:59

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елбасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, әңгімелесу барысында Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізуге дайындық барысын талқылады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.