#
#
Бейсенбі 14/11/2019

Назарбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақсы қасиеттерін атады

  • 11.10.2019
  • 0
  • 329

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында Президент қызметіне бірнеше адамды қарастырғанын, сондай-ақ неге Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрбір басшылықта жұмыс істейтін бірінші басшы заманы келгенде ойлана бастайды, яғни «билікті ендігі буынға қалай береміз, оны кім басқарады» дегенді қарастырады. Әрине, менің төңірегімде көптеген жақсы азаматтар өсті, оны өздеріңіз көріп жүрсіздер. Осы орайда бірнеше адамды қарастырдым. Соның ішінен бүгінгі күні ең дұрысы әрі сай келетіні Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев деп есептедім. Неге? Біріншіден, менің жанымда ширек ғасыр уақыттан бері келе жатқан адам. Мен оны жақсы білемін, ол да менің жұмысымның сыр-сипатының барлығын біледі. Екіншіден, қазақтың бірден бір сауатты азаматы. Үшіншіден, дипломатиялық өмірде көп кісілермен танысқан, барлығы оны біледі», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Бұл тұрғыда Елбасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Үкімет басшысы секілді лауазымды қызметтерді атқарғанын еске салды.

«Ел басқару оңай емес. Әрқайсысы ел басқарамын деп ойлайды. Елдің таңдағаны дұрыс. «Nur Otan» партиясының және менің ұсынуыммен халық сайлады. Енді қазіргі Президентімізді барлығымыз қолдауымыз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар