14 қар, 2017 сағат 22:35

Назарбаев Өмірзақ Шөкеевпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына: акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен кездесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп беріліп, компанияның трансформациялану барысы туралы мәлімделді.

Шөкеевтің ақпаратына сәйкес, кәсіпорынның шоғырланған кірісі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 пайызға өсіп, 414 миллиард теңгені құраған.

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан Президентіне холдинг құрамындағы компаниялар санының қысқарып, кәсіпорынды басқару деңгейі оңтайланғаны жөнінде баяндады. Өмірзақ Шөкеевтің мәліметі бойынша, осы жылдың соңына дейін холдинг құрамындағы компаниялар саны 315-ке дейін қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаятын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.